На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Жылыойда қылмыс саны 17,8% азайған

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудан бойынша өткен жылы 398 қылмыс тіркелсе, биыл 327 қылмыс оқиғасы орын алып, былтырмен салыстырғанда 17,8% кемігені анықталған. Оның ішінде ауырлығы орташа қылмыс 34%, онша ауыр емес қылмыс 28,3% азайған.

  

-Былтыр 116 ұрлық болса, биыл 87 тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 25% кеміді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар былтыр 65 болса, биыл 43 болып, салыстырмалы түрде алғанда 33,8% азайып отыр. Сондай-ақ көшеде жасалған қылмыстар 45-тен 33-ке азайып, 26,7% түссе, мас күйінде жасалған қылмыс 38-ден 20-ға азайып, 47,4% кеміді,- деді аудан әкімі.

Дегенмен, оның айтуынша кейбір қылмыс түрлері әлі де азаймай отырғаны байқалады. Оған қоса, жол-көлік оқиғасы да 42-ден 51-ге көбейіп, былтырмен салыстырғанда 21,4% өскен. Айта кетейік, ауданда әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін полиция инспекторларымен 12 591 тұлғаға 152,5 млн теңге айыппұл салынған.

 

Ссылка на первоисточник
наверх