На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен фестиваль өтті

Атырауда мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың қатысуымен «Біз-бақытты жандармыз!» атты шығармашылық фестиваль өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мәдени кештің шымылдығын қала әкімінің орыбасары Нұржан Ермұханов құттықтаумен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Халықаралық мүмкіндігі жектеулі жандар күніне орай қала әкімдігінің мұрындық болуымен осындай керемет мерекелік іс-шара ұйымдастырылып отыр. Дәл қазір сахнаға шығып өз өнерлерін көрсеткелі тұрған дархан мінезді, кең жүрек азаматтарымызды мүмкінді шектеулі деудің өзі артық. Өмірге деген құштарлығын, махаббатын әнмен әуелетіп, өнерімен өрнектегелі тұрған қатысушыларымызға зор ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Өйткені, олардың өнері тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды деген сенімдеміз. «Қуана білмегенге құт қонбайды, бағалай білмегенге бақ қонбайды» деген, осындай қуанышты сезіммен өз өнерін ұсынғалы тұрған өнерпаздарға қалың көрерменнің ыстық ықыласынан артық сый жоқ деп білеміз, деді Н.Ермұханов.

Ән байқауының ең басты ерекшелігі – саханада кәсіби деңгейдегі әнші мен мүмкіндігі шектеулі өнерпаз жұп болып, ретро және еркін тақырыпта екі әннен шырқады. 

Фестиваль мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, аталған санаттағы жандардың  шығармашылық қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, өмірге деген құштарлығын арттыру мақстанда ұйымдастырылған. Нәтижесінде өнерлі жұптар «Қоңыр үн», «Шалқыма дауыс», «Жас әнші», «Ерекше дауыс», «Көрермен көзайымы», «Ақ Жайық үні», «Дархан дала дауысы» аталымдары бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Ссылка на первоисточник
наверх