На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар аясында 9 балабақшаның құрылысы аяқталып, мемлекеттік актісі алынды

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.   Атырау облысында 42 895  баланы қамтитын 319 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 252 мемлекеттік, 67 жеке меншік. Аталған мекемелердің 151 балабақша, 101 шағын орталық.

Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 80% құраса, 2 жастан 6 жасқа дейін 82%,  ал 3 жастан 6 жасқа дейін 100% болып отыр. Бүгінгі таңда 1-ден 6 жасқа дейінгі кезекте 14 809 бала тұр.  

 -Осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар аясында 9 балабақшаның құрылысы аяқталып, мемлекеттік актісі алынды. Олар Атырау қаласы Самал, Береке, батыс Береке, Ақжар-2, Еркінқала-2 шағын ауданындарындағы және Әбілқайырхан 72А, Байтұрсынов 80, Белинский 21 мекенжайларындағы 290 орындық балабақшалар,- деді Ж.Бисембиев. 

 Айта кетейік, қазіргі уақытта 4 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх