На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда «Крещение Господне» діни мейрамы жеті жерде өткізіледі

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Аскат Ержанов Атырау облысы бойынша «Крещение Господне» діни мейрамы жеті жерде өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі. Успен соборының діни қызметкері Михаил Соколов жыл сайын дәстүрлі түрде 19 қаңтарда Христиан православтарының «Крещение Господне» діни мейрамы атап өтілетінін жеткізді.

Осыған орай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мейрам қарсаңында шомылу орындары белгіленіп отыр. Олар Айтеке би көшесінде орналасқан «Орал» ресторанының тұсында, тұрғындар қалашығы маңында, Мечников-Баймуханов көпірінің тұсында және Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Индер аудандарында.  Қаңтардың 18-19 күндері діни мейрам кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен жеке құрамы күшейтілген режимде кезекшілікте тұрады. Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін 10 сүңгуірлік жинақ, 42 құтқару кеудешесі, 8 құтқару шеңбері, 8 бірлік автокөлік, 3 бірлік құтқару тақтайшасы дайындалып отыр. 

- Жағадағы арнайы жабдықталған мұз ойықтарында суға түсу қажет. Шомылар алдында дене қимылдарын жасап, жүгіріп, денені жылыту керек. Рәсімге дейін алкогольді ішуге тыйым салынады. Сондай-ақ, созылмалы аурулары бар немесе суық суға түсуге қарсы көрсетілімдері бар адамдар үшін ойыққа түсуге болмайды және шомылу орындарында тәртіпті сақтау қажет. Құтқарушылар аяқтың сезімталдығын жоғалтуға жол бермеу үшін мұз ойығына ыңғайлы, тайғанамайтын және жеңіл шешілетін аяқ киіммен келген дұрыс. Мұз ойығына жету үшін бәтіңке немесе жүн шұлықтарды пайдаланған жөн. Мұзда сырғымайтын, аяқты өткір тастардан және тұздан қорғайтын арнайы резеңке тәпішкелерді де пайдалануға болады. Мұз ойығына бара жатып, жолдың тайғақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз,- деді А.Ержанов. 

Айта кетейік, суға түсуге рұқсат етілген барлық аумақта оқыс оқиғалардың алдын алу үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, Апаттар медициналық орталығы, жедел жәрдем қызметкерлері де жұмылдырылады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх