На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атыраудағы автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына 19 арнайы техника жұмылдырылады

Бұл туралы ​ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс көлеміндегі жалпы пайдаланымдағы ​ автомобиль жолдары 1927 шақырымды құрайды. Жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына әр аудан бойынша жауапты мекемелер бар.

Құрманғазы ауданында облыстық маңызы бар жолдардың​ күтіп ұстау жұмыстарын «Құрманғазы жолдары» ЖШС-і, Қызылқоға ауданына «Жаңа арна» ЖШС-гі, ал Жылыой, Индер, Махамбет, Исатай, Мақат аудандарындағы облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын «QENES ENGINEERING» ЖШС-і жауапты.

-Атырау облысы көлеміндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау мақсатында 19 арнайы техника, 6 тонна жанар-жағар май және тайғаққа қарсы материал қоры дайындалды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 236 су өткізу құбырлары және 26 көпір орналасқан. Жолдарды күтіп ұстау үшін су өткізу құбырларын жөндеу және тазарту жұмыстары жүргізілуде.​ ​ Аудандық​ маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға мердігер мекемелермен​ арнайы техника және тайғаққа қарсы материалдар мен жанар-жағар май қоры дайындалды, - деді С.Айтқалиев.

​Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау үшін Қызылқоға ауданы бойынша 5 техника, 2 тонна жанар-жағармай, 30 тонна инертті материалдар дайындалған. Ал Махамбет ауданы бойынша - 7 техника, Құрманғазы ауданы бойынша-13 техника, 3,5 тонна жанар-жағармай, 200 тонна инертті материалдары, сондай-ақ Индер ауданы бойынша - 16 техника, 4 тонна жанар-жағармай, 40 тонна инертті материалдар әзірленді. Исатай ауданы бойынша - 4 ​ техника, 6 тонна жанар-жағармай,10 тонна топырақ, 0,5 тонна тұз болса, ​ Мақат ауданы бойынша 11 техника, 15 тонна құм және 5 тонна тұз, 5 тонна жанар-жағармай қоры дайындалған.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх