Атыраулық волонтерлер 9 күн бұрын жоғалған азаматты іздеу үстіндегі құтқарушыларға ыстық шай мен тәтті тоқаштар таратты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 9 күн бойы мұз астына түсіп кеткен 1975 жылы туған азаматтың денесін іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Мұз үстінде құтарқарушылардан бөлек жоғалған азаматтың туыстары мен волонтерлер жұмылдырылған. Суық аяз бен қатты желге қарамастан іздеуді тоқтатпаған құтқарушыларға «Жүректен жүрекке» волонтерлер тобы жүрекжалғар таратты.-5 қаңтардан бастап бүгінге дейін ТЖД сүңгуірлері 45 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жалпы ауданы 600 шаршы метрден астам, тереңдігі 4-8 м көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Су астынан бөгде заттардың көп кездесуі, судың лай болуына байланысты көріну деңгейінің төмен болуы сүңуірлерге қиындық тудыруда. Су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды,- деді Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы аға лейтенант Сержан Жолмағанбетов.
Сондай-ақ С.Жолмағанбетов өңір тұрғындары мен қонақтарын мұздағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрады. Айта кетейік, 5 қаңтар күні 11:14 сағатта Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам мұз астына түсіп кеткен болатын. Сол мезетте облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен және Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 1974 жылы туған азамат К.С. құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын
Свежие комментарии