Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудан бойынша 34 мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде, аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 1 ауылдық балалар кітапханасы, 20 ауылдық кітапхана, 1 музей.
- 2017 жылы басталып, мердігер мекеменің жауапсыздығынан тоқтап қалған Мұқыр ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмысы 2023 жылы қайта басталмақ. Ал Тасшағыл ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүруде, ол келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Қарабау ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына жоба жасақталды. Оған қоса Миялы ауылынан 600 орындық мәдениет үйіне және Сағыз бен Миялы ауылдарынан өнер мектебіне жоба жасақталуда,- деді Қ.Әзмұханов.
Айта кетейік, биыл Қызылқоға ауданында 676 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 132 мың көрермен қамтылған.
Свежие комментарии