На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Өткен жылы Атырауда Экология департаменті 120-дан астам тексеріс жүргізді

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмухаметов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Былтыр облыстағы Экология департаменті ҚР-ның экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 121 тексеріс жұмысын жүргізген. Тексеріс барысында 241 бұзушылық анықталып, оны жою туралы 61 нұсқама беріліп, анықталған бұзушылықтарға қатысты 304 әкімшілік іс қозғалған.

- Өткен жылы жалпы экология заңнамасын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жұмыстарын және жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Аталған тексерістер бойынша айыппұлдар салынып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Анықталған бұзушылықтарға қатысты 304 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 5 ескерту беріліп, тоқтату туралы 19 қаулы шығарылса, 50 әкімшілік іс сот органдарына қарауға жолданды. Сондай-ақ 20 әкімшілік іс бойынша 4 млн 267 мың 735 теңге сомасына сот қаулысы шығарылып, қалған 230  іс бойынша 306 млн 595 мың 466 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынуға қаулы қабылданды. Қазіргі уақытта 107 млн 957 мың 847 теңге сомасы көлемінде 7 әкімшілік айыппұл сот орындаушылардың өндірісінде. Бұдан басқа сот органдарына ҚР-ның заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұру туралы талап-арыздар ұсынылып, заңнама талаптарын бұзуға жол берген 8 табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметі сот шешімдерімен тоқтатылды, - деді Ә.Бекмухаметов.

Сондай-ақ ол Экология департаменті әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарға құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын да айтты.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх