Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өңірімізде алғаш рет ережесіз жекпе-жектен Абдулманап Нурмагомедовтың атына «Eagle FC 51» халықаралық кәсіпқой турнирі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ережесіз жекпе-жек турниріне Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей елдерінің және еліміздің әр аймағынан спортышлар қатысып, өзара күш сынасты.
Турнирде барлығы 15 жекпе-жек өтті. Оның ішінде басты үшеуі титулдық жекпе-жек болды. Ресейлік спортшылар Ренат Хавалов пен Ренат Ондар титулдық жекпе-жекте кездесіп, белдесу барысында 5 раундтқа дейін тең түсті. Соңғы раундта Ренат Хавалов өзінің әлем деңгейіндегі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. «Eagle FC 51» арнайы чемпиондық белдігі үшін басты жекпе-жек ресейлік спортшылар Денис Измоденов пен Имам Шафи Мухтаров арасында өтті. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде Денис Измоденов қарсыласын 5 раундта жеңіп, «Eagle FC 51» тұжырымдамасының орта салмақтағы чемпионы атанды.-Турнирді ұйымдастыруға атсалысқан облыс әкіміне, Атырау жұртына айтар алғысым шексіз. Адамның өмірінде бірінші - тәрбие, екінші -білім, үшінші - спорт болу керек. Егер осы үшеуінің басын біріктіре алатын буын тәрбиелесек, біздің жолымыздың болғаны,- деді Хабиб Нурмагомедов.
Айта кетейік, облыс намысын қорғаған Фархат Қожантаев бірінші раундта техникалық нокаутпен, Әділбек Қайырғали екінші раундта гильотина әдісімен, Нұрбек Отар екінші раундта техникалық раундпен жеңіске жетті.
Свежие комментарии