На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда 157 білім беру мекемесі полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылды

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлдайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Облыс бойынша мемлекеттік 200 мектеп 9109 бейнебақылау жүйелерімен қамтылса, оның ішінде 137 мектеп полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Мемлекеттік 151 балабақша 5397  бейнебақылау жүйелерімен қамтылып, 20 балабақша Жедел басқару орталығына қосылса, 63-іне турникет орнатылған.

Ал мемлекеттік 17 колледждің барлығы да 695 бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Олардың үшеуінде мамандандырылған күзет жұмыс жасаса, он біріне турникет, төртеуіне «дабыл түймесі» қондырылған.

-Қауіпсіздік мәселесіне үлкен көңіл бөлініп отыр. 2021-2022 оқу жылында «дабыл түймесін» орнату мақсатында жергілікті бюджеттен  88 миллион теңге қаржы қаралып, 200 мектепке «дабыл түймесі» 100 пайыз қондырылды. Атырау қаласындағы 33 мектеп, 45 балабақша лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді,- деді Ж.Бисембиев.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх