На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атыраулықтарды 2023 жылға арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасын бірге жасауға шақырамыз

Атырау облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңір тұрғындарын алдағы 2023 жылға арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарын бірлесіп жасауға шақырады, Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тұрғындарды өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, Қазақстан мен Атырау облысының тарихын зерделеуге, сондай-ақ қоғамдағы ұлтаралық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша өз идеяларын, ұсыныстары мен ескертулерін айтуға шақырамыз.

Ұсыныстарыңызды мына электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: b.amirova@atyrau.gov.kz немесе сілтеме бойынша нысанды толтырыңыз: https://u.to/9N16HA Атыраулықтарды 2023 жылға арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасын бірге жасауға шақырамыз.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх