На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

«AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасын іске қосты

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Атырау облысының жұртшылығымен кездесті. Онда өңірлік филиал жанындағы кеңес беру орталығының қызметімен танысып, «Құқықтық көмек» партиялық жобасының іске қосылғанын жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Партия Төрағасы Исатай ауданында белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспанмен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, азаматтарды қабылдады.

Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беріп отырғанын атап өтті. Мәселен, Конституциялық Сот құрылып, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық мәртебеге ие болды. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Соған байланысты, өңірде тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» жаңа партиялық жобасы пилоттық режимде іске қосылды.

«Жасыратыны жоқ, біздің қоғамда азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен. Соның салдарынан, олар сотта немесе басқа да мемлекеттік органдарда өз мүдделерін қорғай алмай жатады. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отырғандықтан, жаңа партиялық жоба аясында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетеді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады», – деді партия Төрағасы.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орталықтарына барады. Яғни, сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов партияның Атырау облыстық филиалы жанынан ашылған «AMANAT SERVICE» кеңес беру орталығының қызметімен танысты. Мұнда бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың, «Отбасы банкінің», «E-gov»-тың өкілдері азаматтардың өтініштерін қабылдайды. Сондай-ақ, сәулет, еңбек, тұрғын үй қатынастары саласы және халықты толғандыратын өзге де мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді. Осы күні Ерлан Қошанов «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағытында салынып жатқан республикалық маңызы бар жол учаскесіне барды. Мердігер ұйымның өкілдері оған құрылыс жұмысының барысы туралы баяндады. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов «AMANAT»-тың облыстық активімен кездесіп, партиялық жобалардың іске асырылу барысын және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық мәселесін талқылады. Бүгінде облыста 106 бастауыш партия ұйымы біріктіріп отырған 23 мыңнан астам аманаттықтар бар.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх