Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының арнаулы бөлімінде «Тифло әлемі» жобасы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, тифлопедагог М.И.Ксенофонтованың 125 жыл толуына орай ақпараттық сағат өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталған іс-шара өңірдегі 12 зағип жан қатысты.
Мұнда тифлопедагог М.И.Ксенофонтованың өмір және еңбек жолы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, сұхбат ұйымдастырылды.- Бүгінгі ақпараттық сағатта балалық шағында қос жанарынан айрылып, зағиптық тірліктің ауыртпалығын ерте тартса да, тағдырымен тайсалмай күрескен қайсар жанды зағип жастарға үлгі етіп отырмыз. Осы арқылы оқып-білім алуға, адал еңбек етуге шақырып, жарқын өмір сүру өз қолдарында екендігін ұғындыруға тырыстық. Мұндай іс-шараның бұл санаттағы жандар үшін маңызы зор,- деді көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімнің тифлопедагогы Гүлжанат Тастанбекова.
Айта кетейік, Мария Ксенофонтова 1898 жылы Тверь губерниясының Хреброво селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Ол жеті жасында көру қабілетінен айырылған. 1906-1917 жылдары Санкт-Петербургтің Маринский зағип қыздар институтында, кейін Кимры қаласындағы педагогикалық курста оқыған. 1934 жылы Мәскеудің зағип балаларға арналған мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысын бастаса, 1941-45 жылдары М.И.Ксенофонтова әскери соқырларды брайль жүйесіне оқыту бойынша мұғалім, содан кейін әдіскер-кеңесші болған.
Свежие комментарии