На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Серік Шәпкенов: «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауындағы үздік стартап-жобаларды пилоттық режимде іске қосуға мүмкіндік бар

Атырауда екі күнге созылған «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауы аяқталды. Өнертапқыштардың идеясын 24 сағат ішінде стартап-жобаға айналдыратын хакатонның марапаттау рәсіміне облыс әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, қатысушылармен пікір алмасты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің м.а. «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауы үздіктерді анықтап қана қоймай, стартаперлердің жаңа идеясын Атырау өңірінде жүзеге асыруға  мүмкіндік беретінін айтты.

- Бүгін Отанға деген сүйіспеншілігі зор, көзі ашық, көкірегі ояу жастар бас қосып, қоғамдағы үлкен мәселелерді шешу үшін идеяларын ортаға салуда. Бұл байқауда қамтылған төрт бағыт та өте маңызды. Өйткені мұндағы әр идеямен өзіміздің кемшін тұсымызды толтырамыз. Сондықтан бұл сайыста ешкім де жеңілмеді. Сіздердей жастарымыз барда қоғам алға жылжиды. «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауындағы үздік жобаларды қағаз жүзінде қалдырмай, іске асыру керек. Бұл жобаның барлығын өңірімізде іске асыруға мүмкіншілік бар. Баршаңызға жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілеймін! Біз әрқашан да талантты, дарынды жастарды қолдауға дайынбыз!-деді Серік Шәпкенов.

Биыл үшінші рет өтіп жатқан хакатонға қатысу үшін облыс бойынша 113 үміткер тіркелген. 14-29 жас аралығындағы қатысушылар ғылым және инновация, өнер және шығармашылық, IT және цифрлық технология, экология және қоршаған орта бағытындағы стартап-жобаларын қорғады. 

Еркін микрофон форматында өткен басқосуда жастар өзін толғандырып жүрген сұрақтарын облыс әкімінің міндетін атқарушыға жолдап, ашық диалог өткізді.  «Atyrau youth hackathon» инновациялық жобалар байқауында әр топ бойынша өміршеңдігі бар ең үздік 12 стартап-жоба анық­­талды. Жеңімпаздарға І орын үшін 350 000 теңге, ІІ орын үшін 250 000 теңге, ІІІ орын үшін 100 000 теңге ақшалай сертификаттар табысталды.  Нәтижесінде ғылым және инновация бағыты бойынша:

1 орын «Birge» тобының жобасы; 2 орын «Қашықтықтан оқыту» жобасы; 3 орынды «Қозғалыс энергия» жобасы жеңіп алды. 

Өнер және шығармашылық бағыты бойынша:

1 орын Мадина Қожабалуанның жобасына;  2 орын «Alash brand» жобасына; 3 орын Назерке Мұхамеджанның жобасына бұйырды.

IT және цифрлық технология бағыты бойынша:

1 орынды «Cloud bilim» жобасы; 2 орынды «Bright future» жобасы; 3 орынды «Программалық реле» жобасы иеленді.

Экология және қоршаған орта бағыты бойынша:

1 орынды «Темекі тұқылдарын қайта өңдеу» жобасы; 2 орынды  «Water reuse» жобасы; 3 орынды  «Мидас» жобасы  жеңіп алды.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх