Атырау облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағының құтқарушылары 5 күн бойы мұз ойылып, мұз астына түсіп кеткен 1975 ж.т. азаматтың денесін іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кетейік, 5 қаңтар күні 11:14 сағатта Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам мұз астына түсіп кеткен болатын.
Сол мезетте Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларымен күшімен және Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 1974 ж. т. азамат К. С. құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.
5 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері жалпы 24 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жалпы ауданы 450 шаршы метрден астам, тереңдігі 4-8 м көлемінде су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Су астынан бөгде заттардың көп кездесуі, судың лай болуына байланысты көріну деңгейінің төмен болуы сүңгуірлерге қиындық тудыруда.
Су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы, 1 бірлік техникасы және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары! Мұздағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Свежие комментарии