Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Айдулат Жанатұлы Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айдулат Кенжебеков Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі: 11.2008 – 12.2008 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы; 12.2008 - 10.2010 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы; 10.2010 - 03.2011 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бастығы; 03.2011 - 12.2011 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары; 12.2011 - 05.2013 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары; 05.2013 - 04.2019 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары; 04.2019 жылдан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Свежие комментарии