На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Серік Шәпкенов Ұлттық жобалар шеңберінде enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыспен қамтуды үйлестіре алмаған басқарма басшыларының жұмысын сынға алды

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен «Ұлттық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындары» туралы көшпелі жиын өтті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Күн тәртібінде Ұлттық жобаның орындалысы мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасынан босатылғандарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары,  басқарма басшылары және қала, аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов баяндама жасады. Оның айтуынша облыста  162 Ұлттық жоба шеңберінде 8 253 жұмыс орны құрылған. Оның 1206-сы – тұрақты. Жалпы, ұлттық жобалар жоспарының орындалысы  41,3%-ды құрайды. 

- Құрылған жұмыс орындарынан «Интеграциялық жұмыс орындарын құру» ақпараттық жүйесі бойынша электрондық еңбек биржасына 5 157 вакансия енгізіліп, 4 692-сі жабылды. Бүгінде ашық вакансия саны – 465. Қалған 3 168 вакансия бойынша жұмыспен қамту шаралары қабылданбай, жұмыс орындарының саны қайталаумен өсіп отыр. Сол себептен ұлттық жобалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың пайызы облыс бойынша төмен. Яғни «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша-6,7%, «Ауыл шаруашылығын дамыту» ұлттық жобасы бойынша-6,3% және «Қазақстандықтардың әл ауқатын арттыруға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған орнықты экономикалық өсуі» ұлттық жобасының «Мұнайгазхимия кешенін дамыту» бағыты бойынша-3,1%,-деді А. Мәмбетов.

Сондай-ақ 2022 жылы Келешек кеңею жобасындағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты 27 мың қазақстандық азаматтың жұмыстан босатылатыны нақтыланып, оның 7 100-і «Теңізшевройл» ЖШС-нің басқа жобаларына ауыстырылды. Күні бүгінге дейін Келешек кеңею жобасынан 13 695 адам жұмыстан босатылған. Оның 5 619-ы – атыраулықтар.

- Жобадан босатылған 5 619 адамның ішінен    4 467-сі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 1 168 адам тұрақты жұмысқа, 748 адам өз бетімен, 1-і әлеуметтік, 3-і қоғамдық жұмысқа орналасты.  97-і оқумен қамтылып, 3-і мемлекеттік грант алды. Сонымен қатар 5 бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер мен  2 442 адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем төленуде. Жұмыспен қамту шаралары Индер және Құрманғазы аудандарында өте төмен. Бүгінде әлеуметтік қолдау шараларымен 1 109 адам жұмыспен қамтылмаған,-деді А.Мәмбетов.

Серік Шәпкенов Ұлттық жобалар шеңберінде enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыспен қамтуды үйлестіре алмаған басқарма басшыларының жұмысын сынға алды. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Алайда Ұлттық жобалар аясында облыста құрылатын жұмыс орындарының орындалу барысы өте төмен. Әр нәрсенің сұрауы бар. Жұмыс орнын ашу туралы жоспар қойылды ма, демек оның артында адамның тағдыры тұр. Қаншама жұмыссыз азаматтарымыз бар? Соның барлығы өз табысын тауып, отбасын асырауы үшін жағдай жасауымыз қажет. Сондықтан бұл мәселеге бақылауды күшейту маңызды. Ұлттық жобалар шеңберінде әр сала бойынша мамандарды даярлап, жалақыны да соған сай белгілеу керек,-деді С.Шәпкенов. 

Аймақ басшысы басқарма басшыларына мердігер мекемелердің Ұлттық жобалар аясында жұмыс істейтін жұмысшыларға 10% зейнетақы жарнасын төлеуін қадағалап, 10 желтоқсанға дейін жұмыспен қамту шараларын қабылдау туралы тапсырма берді. Жиын аяқталған соң  облыс әкімі қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімін аралап, мекеменің жұмысымен танысты. Сонымен қатар осы орталыққа келген тұрғындармен тілдесіп, мәселесін тыңдады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх