Бұл туралы Атырау қаласының әкімі М.Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Осы ретте қалада 11 мектептің құрылысы салынып жатыр. Олар Жаңаталап, Дамбы, Ақжар-2, Бірлік-2, Көктем-2 ауылында және Нұрсая, Сарыарқа, Еркінқала-2, Тасқала-2, Талғайран ықшам ауданында жүргізілуде.
Сонымен қатар қазір №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Ал Балаусадағы 600 орындық мектеп бойынша мемлекеттік актісі алынып, қабылданды,- деді М.Қалауи.Оның айтуынша, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Атырау қаласында 290 орындық 9 балабақша салынып жатыр. Олар Самал және Береке ықшам аудандарында, Акжар-2 мен Еркінқала-2, Әбілхайыр хан 72А, Байтұрсынов көшесі № 80, В.Белинский көшесі № 21, С.Бейбарыс көшесі 485 мекенжайында орналасқан. Айта кетейік, Жұлдыз-3 және Көктем ықшамаудандарында «Игілік» бағдарламасы есебінен 320 орындық екі балабақшаның құрылысы салынуда. Ал Өрлеуде «НКОК» қаржысы есебінен 160 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Бесіктіде жергілікті бюджет есебінен 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Енді алдағы жылы қала аумағында «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы бойынша 8 мектептің құрылысы басталмақ.
Свежие комментарии