Атыраудағы Жайық спорт кешенінде Полиция департаментінің қызметкерлері арасында спартиакада өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталған іс-шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 11 қоманда қатысып, спорттың 5 түрінен бақ сынады. Негізгі мақсат - үнемі қызмет бабында физикалық дайындықта болатын тәртіп сақшыларын одан әрі шыңдау және командалық іс-әрекетке, әріптестік қолдауға ықпал ету.
Сайыс барысында полиция қызметкерлері кір көтеру, арқан тартыс сияқты күш жаттығуларында белсенділік танытты. Сондай-ақ қазақша күресте де тартысты ойын көрсетті.- Тәуілсіздіктің 31 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шарада 100-ге жуық сала мамандары қатысты. Бүгін жылдың үздік мамандарын анықтап марапаттадық. Мақсат – командалық рухты көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау. Биыл алғашқы рет «департамент барысы» атты қазақша күрес өтіп отыр,- деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Кушкалиев.
Жарыстың нәтижесі бойынша, 1 орынға қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі ие болды. Ал 2 орынды аудандық тергеу бөлімшелерінен құралған команда иеленсе, 3 орынды Полиция департаментінің тергеу және анықтау басқармасы алды. Ал кіші аяқ доп бойынша 1 орынды №2 қалалық полиция бөлімі, 2 орынды қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі, 3 орынды Полиция департаментінің тергеу және анықтау басқармасы өзара бөлісті. Сондай-ақ «Департамент барасы» атағын арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бөлім бастығы полиция капитаны Серік Ерғазиев жеңіп алды. Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл спартакиада биыл да жалғасын тауып отыр.
Свежие комментарии