На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда келер жылы 9 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев облыстың әлеуметтік-экономиалық дамуының қорытындысы туралы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі демеушілік қаражатынан, алтауы жергілікті бюджет есебінен салынбақ.

Бұл құрылыс нысандары 2023 жылы пайдалануға беріледі. 

-Келер жылы Атырау қаласынан жоғары технологиялы медициналық техникамен жарақтандырылған онкологиялық диспансер жанынан радиологиялық корпус және онкологиялық диспансер салу жоспарланып отыр. Мақсат - облыс халқына уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету. Нысан НКОК компаниясы қаражаты есебінен салынады. Сондай-ақ Атырау қаласынан 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр,-деді Қ. Нұртаев.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх