Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев облыстың әлеуметтік-экономиалық дамуының қорытындысы туралы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі демеушілік қаражатынан, алтауы жергілікті бюджет есебінен салынбақ.
Бұл құрылыс нысандары 2023 жылы пайдалануға беріледі.-Келер жылы Атырау қаласынан жоғары технологиялы медициналық техникамен жарақтандырылған онкологиялық диспансер жанынан радиологиялық корпус және онкологиялық диспансер салу жоспарланып отыр. Мақсат - облыс халқына уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету. Нысан НКОК компаниясы қаражаты есебінен салынады. Сондай-ақ Атырау қаласынан 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр,-деді Қ. Нұртаев.
Свежие комментарии