Атырауда қазақ күресінен 2006-2009 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық іріктеу біріншілігі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Дәстүрлі жарысқа қала және аудандардан 150 спортшы қатысты. Дода жасөспірімдер арасында 19 салмақ бойынша өтті.
- Ақпан айының 4-9 аралығы Абай облысы Семей қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Атырау облысының намысын 52 спортшы қорғайды. Бүгінгі жарыстан жеңіп шыққандар аталған ел чемпионатына қатысады. Жарыс жоғары деңгейде өтті, деді аға-жаттықтырушы Аманжол Ықыласұлы.Жарыстың нәтижесі бойынша 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орынға Бекзат Мұхамбетов, 2 орынға Диас Утеген, 3 орынға Біләл Жалғасбай ие болды. Ал 2008-2009 жасөспірімдер арасында 1 орынға Азат Файзи, 2 орынға Алтынбек Ақылбек, 3 орынға Асылхан Сәрсенбай ие болды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен жас балуандар маусым айында Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетеді.
Свежие комментарии