Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мақат ауданындағы көпшілктің көкейіндегі күрмеулі мәселелердің бірі – көп қатарлы тұрғын үйлердегі шатырдың ескіруі болатын. Бұл мәселе оң шешімін табуда.
-Қазіргі таңда Мақат кенті С.Мұқашев көшесіндегі 80/5, 80/7, 80/8 және №35-ші көп қатарлы тұрғын үйлеріне шатыр құрылыс жұмыстары жүруде.
Ал мердігер мекеме «Градстройсервис» ЖШС аталған тұрғын үйлердегі құрылыс жұмыстарының таяу арада аяқталатынын айтып отыр,- деді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин.Оның айтуынша, бұдан бөлек «Мұнайшы газетінің 60 жылдығы» көшесіндегі №12/1, №12/3, C.Мұқашев көшесіндегі №12/2, №18/6, C.Бекжанов көшесіндегі №13 А, Б, В, Г көп қабатты үйлерінің шатыр құрлысы және көп қабатты 80/8 тұрғын үйінің қасбетін жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы толықтай аяқталады. Айта кетейік, Мақат ауданында 29580 халық болса, Мақат кентінде 14780 тұрғын мекен етеді.
Свежие комментарии