На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда «Қыс-2022» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Атыраудағы «Салтанат сарайы» ғимаратының тұрағында төтеншеліктердің қыс мезгіліне дайындығы тексерілді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялары қызметі.

Оқу-жаттығу жұмыстарымен танысуға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және сала мамандары қатысты. 

Жаттығудың мақсаты – қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеру. Іс-шара барысында өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерімен қоса құрал-жабдықтар толықтай тексерілді. Облыс әкімі орынбасары әр қызметтің жұмысымен жеке танысып, дайындығын көріп шықты.

-Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еліміз бойынша «Қыс-2022» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуының дайындығы тексерілуде. Негізгі оқу жаттығу практикасы Жылыой ауданында екі күн бойы өтеді. Қысқы мезгілде барлық жағынан дайын болуымыз керек. Баршаларыңызға сәттілік тілеймін, деді Қ.Нұртаев. 

Айта кетейік, облыс бойынша төтенше жағдайлар департаментінің 705 қызметкері еңбек етсе, оның ішінде 415-і жауынгерлік құрам.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх