На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырау облысы Полиция департаментінде жаңа тағайындау

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің  бастығы лауазымына  полиция подполковнигі Ришат Саматұлы Нәсіпқалиев тағайындалды. Бөлімнің жаңа басшысын Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Әділхан Теміржанұлы Байдосов бөлімнің жеке құрамына таныстырды, Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кетейік, полиция подполковнигі Ришат Нәсіпқалиев Атырау қаласының тумасы. ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы Академиясының түлегі. Еңбек жолын 2009 жылы Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілі болып бастап, Қызылқоға АПБ бастығының орынбасары, криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы  қызметтерін атқарған.

 

Ссылка на первоисточник
наверх