На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда жаңа 160 орындық балабақша ашылды

Атырау қаласы Көктем ықшамауданында «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында 160 орындық «Шағала» балабақшасы  ашылды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, «Теңізшевройл» ЖШС стратегиялық жоспарлау жөніндегі бас менеджері Қалибек Мұханов және Көктем ықшамауданының тұрғындары қатысты.

 

- Барша Көктем ықшамауданының тұрғындары! Сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен құттықтаймын! Балабақша - барлық әлеуметтік нысан ішіндегі ең маңыздысы, бөбектердің үлкен өмірге деген алғашқы баспалдағы. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген киелі сөз бар. «Шағала» балабақшасынан білімді, тәрбиелі, елінің дамуы үшін аянбайтын ұрпақ тәрбиеленеді деген үлкен сенімдемін,-деді Ж.Бисембиев. 

Сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС өкілі  Қалибек Мұқанов Атырау облысының игілігі үшін әлеуметтік нысандар салу дәстүрі үзілмейтінін айтты. 

- Біз қызметімізді атқарып отырған қоғамдастықты осындай пайдалы әлеуметтік жобалар арқылы қолдайтынымызды мақтан тұтамыз. Біз еліміздің экономикасының дамуына және Атырау облысына үлес қосып сенімді, әрі жауапты жұмыс атқаруды жалғастырамыз,-деді Қ.Мұқанов.

Балабақша құрылысы 2021 жылы желтоқсан айында басталып, 2022 жылдың қараша айында аяқталды. Мұндағы әр бөлме балалардың жас ерек­ше­лігіне қарай жабдықталған. Яғни асхана, ойын, жатын бөлмелері, оқу кабинеті, дене шынықтыру залы, саз бөлмесі, медициналық емдеу кабинеті және тағы басқа қажеттің барлығы бар. «Шағала» бөбекжайында барлығы 7 топ бар. Үлкен топтың сыйымдылығы - 25 бала, ал кіші топ - 20 баладан. Мекеме әділет орындарына тіркеуден өтіп, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен балаларды қабылдау жөніндегі қорытынды алынып, «Indigo24.kz» ақпараттық жүйесіне орындар салынған соң тәрбиеленушілерді қабылдайды. Жоспар бойынша 20 педагог және 24 техникалық қызметкер жұмыспен қамтылады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх