На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Исатай ауданында ауру көрсеткіші біраз төмендеген

Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ауданда тұрғындардың аурушаңдығы 3,8 пайызға төмендесе,                 туберкулезбен алғашқы аурушылық көрсеткіші 9,1 пайызға азайған. Ал, ауданның денсаулық сақтау мекемелері 3 жоғары білімді дәрігермен толықтырылған.

 

-Ауыл тұрғындарына және медицина саласының қызметкерлеріне жағдай жасау мақсатында Қамысқала, Тұщықұдық ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларына және Зинеден ауылындағы фельшерлік пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлінді. Осы тұрғыда Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Ал Қамысқала және Зинеден ауылдарындағы медициналық ұйымдарға жөндеу жұмыстары жалғасуда,- деді аудан әкімі. 

Айта кетейік, осы жылдың 10 айында аудан бойынша 438 сәби өмірге келген.

 

Ссылка на первоисточник
наверх