Исатай ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясы 2001 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы көлемі 604,10 м2.
Амбулатория 5 мыңға жуық ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсетеді. Мұнда күндізгі стационарға арналған 10 орын бар.-Дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Сыртқы келбеті жаңарды. Бұған дейін кірберісте тамбур болған жоқ еді. Пандус та стандартқа сай жасалынды. Бұдан бөлек, екпе кабиненттері де қалыпқа келтірілді. Бүгінде үш дәрігер маман қызмет атқаруда,- деді аудандық орталық аурухана басшысы Бекболат Қуанышов.
Ал Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Дина Салихова амбулаторияда ыстық су, кәріз жүйесі барлығы жаңартылғанын, ғимараттың іші жылы әрі жарық екенін айтты. Оның айтуынша, қабылдауға келушілер де ғимараттың өзгергенін айтып, жайлы сезінетінін жеткізді. Айта кетейік, аталған жөндеу жұмыстарын «Иман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген болатын.
Свежие комментарии