На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

“Мас жүргізуші - қылмыскер”: атыраулық полицейлер 3 күн ішінде 7 мас жүргізушіні анықтады

Көлік құралын мас күйде тізгіндеген жүргізушілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында қала аумағында 2-4 желтоқсан күндері “Мас жүргізуші - қылмыскер” рейдтік іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала аумағында масаң күйде автокөлік басқарған 7 жүргізушіні анықтап, медициналық сараптама тағайындалды.

Аталған факті бойынша мас күйде көлік басқарған 7 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданып, автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды. 

Алкогольді ішімдік – адам өмірне, қоғамға зиян. Қазіргі заң бо­йынша ішімдік ішіп алып кө­лік тізгініне отырған адам қауіп­ті қылмыскер деп танылып, 7 жыл­ға жүргізуші куәлігінен айы­ры­лады. Сондай-ақ мұндай жүргізу­шілерге кем дегенде 5 тәу­лікке қа­мауға алу түріндегі әкім­шілік жаза қарастырылған.

Осы ретте, атыраулық полицейлер мас күйде көлік құралын басқару өзіңізге және жақындарыңызға аса қауіпті екенін қатаң түрде ескертеді.

 

Ссылка на первоисточник
наверх