На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда жұмысшы мамандықтары бойынша облыс тұрғындары оқуға шақырылады

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы келісім-шартқа сәйкес бес мамандық бойынша оқу бағдарламасы басталады. Бұл туралы басқарма басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Қазір басқарма мамандары аудандарды аралап, оқуға іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Іріктеу қаңтар айының 16-21 аралығында өтеді. Оқуға тек жұмыссыздар ғана емес, өзге азаматтар да өтініш бере алады. Оқу бағдарламасы бес мамандық бойынша жүргізіледі. Олар құбыр монтаждаушы, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша монтаждаушы, электромонтаждаушы, құбырларды дәнекерлеуші, металл конструкцияларды дәнекерлеуші. Оқуға қабылданғандар тегін тамақпен және жатын орынмен қамтылады,-деді А.Мәмбетов. 

Айта кетейік, қаңтардың 16-нан бастап, аудандарда іріктеу жұмыстары басталған болатын. Бүгінде Исатай ауданынан 30, Құрманғазыдан 46 және Индерден 31 адамның өтініші қабылданған. Енді мамандар 17-қаңтарда Махамбет ауданына, 18-қаңтарда Қызылқоғаға, 19-қаңтарда Мақат және Жылыой аудандарына барады. Ал 20-шы қаңтарда «АПЕК Петротехникалық жоғары колледж» базасында сағат 9.00-12.00 аралығында қалалық іріктеу жұмысы жүргізіледі.

 

Ссылка на первоисточник
наверх