На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Қайта жаңғыртудан кейін С.Датов көшесінің 1,5 шақырымы ашылды

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Ержан Хайноллаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 - Биыл С.

Датов көшесінің авто көлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы щеңберінде құрылыс монтаж жұмыстары басталған болатын. Жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын тас жолдың 1,5 шақырымы пайдалануға берілді. Мұндағы 2 жолықты жол 4 жолақтыға кеңейтілді. Қазіргі таңда екі жағынан аялдамалар және заманауи жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының мердігері «Атырауинжстрой-АИС» мекемесі, -деді Е.Хайноллаев. 

Оның айтуынша, биылға жоспарланған құрылыс жұмыстары әзірге тоқтайды, жолдың қалған бөлігі 2023 жылы жалғасатын болады.    Айта кетейік, Сырым Датов көшесі осы жылдың 7 шілдеде қайта жаңғыртуға байланысты уақытша жабылған болатын.

 

Ссылка на первоисточник
наверх