На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырау облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы жаңа жабдықтармен толықтырылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Теңізшевройл» компаниясы мүгедектерді сауықтыру орталығына оңалтуға арналған 9 түрлі аппаратты сыйға тартты. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

- Басқармаға қарасты орталықтың жаттығу залы қажетті жаңа, заманауи жабдықтармен толыққанына қуаныштымыз. Науқастар да риза. ТШО компаниясының қолдауымен көптің сұранысында жүрген қосымша аспалы жүгіру аппараты әкелінді. Сондай-ақ, инсульттан кейінгі науқастарды қалыпқа келтіруге арналған жабдықтар мен тірек-қимыл, аяқ-қол массажына арналған 9 түрлі аппараттың бесеуі орналастырылды. Енді алдағы уақытта  үш түрлі аппарат орналастырылады. Олар тізе және жамбас буындарын қалыпқа келтіретін, иық буынының пассивті дамуын қалыпқа келтіретін және эллиптикалық степпер аппараты. Облыстағы ірі мұнай компанияларымен бірлескен жұмыс мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта да жоспарлы жұмыстар бар,- деді А.Мәмбетов. 

Ал «Теңізшевройл» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері Әсет Құрманбаев бұл құрал-жабдықтар орталыққа келушілердің тез қалпына келуіне оң әсер ететінін жеткізді.

- Теңізшевройл әлеуметтік-жауапты компания ретінде өзінің өндірістік қызметін жүргізетін аймақта әрқашан әлеуметтік қолдау көрсетуге ұмтылды. Барлық жылдар бойы компания әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға 2,6 млрд доллар бөлді, - деді ол. 

Айта кетейік, облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы 16 жастан асқан 1 және 2 топтағы мүгедектерге қызмет көрсетеді. Мұнда мүгедектігі бар жандар жылына екі рет оңалту курсынан өтеді. Биыл бір мыңға жуық адам қызмет алған.  Жалпы орталық 55 орынға арналған. Дегенмен қосымша ем алуышалар үшін арнайы кабинет жасақталған.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх