Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылмен салыстырғанда биыл Қызылқоға ауданында мал басында өсім бар. Мүйізді ірі қара 35913-ке жетіп, 3,6 пайызға, қой-ешкі 152494 болып, 2,8 пайызға, жылқы 18876-ға жетіп, 2,6 пайызға, түйе 1879 болып, 2,5 пайызға өскен.
Аталған мал басынан биыл 9486 тонна ет, 14244 тонна сүт өндірілген. Ал ауылшаруашылығының жалпы өнімі 17 млрд 633 млн теңгені құрап отыр. -Биыл шаруа қожалықтарына 523 млн теңге көлемінде мемлекеттік субсидия берілді. Ауданның тауар өндірушілері 30 рет ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатынастырылды. Қызылқоға бойынша ауылшаруашылық саласында 1 өндірістік кооператив, 2 агрофирма, 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 486 шаруа қожалығы тіркелген. Асыл тұқымды мал бағумен 38 шаруа қожалығы айналысуда. Осы жылы 87 бұқа, 98 сиыр, 76 қошқар, 447 қой сатып алынды,- деді Қ.Әзмұханов. Айта кетейік, биыл ауданда қажетті 136760 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100 пайызға орындалған.
Свежие комментарии