На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беруді бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету бойынша жағдай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің жеке бақылауында, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгін түнде «Нұрсая» ықшамауданының жылу бөлімшесіндегі қазандықтың істен шығуына байланысты тоғыз көпқабатты үйде пәтерлерге жылу беру тоқтатылды. Шұғыл шаралар қабылданып, жылу беру таңға дейін қалпына келтірілді. Түске дейін аталған ықшамауданға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев барып, Нұрсая ықшамауданындағы  46,48,54,53 үйлердің тұрғындарымен кездесті, сондай-ақ бірнеше пәтердегі жылуды жеке өзі тексерді.

Тұрғындармен кездесу барысында Қ.Нұртаев пәтерлердегі жылу желісінің технология бойынша қарастырылмаған кез келген өзгерісі бүкіл үйдің жылу жүйесіне әсер ететінін еске салды. Жиналыс барысында орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінің қалыпты жұмыс істейтіні айтылды. Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету басшылығы үйді жылыту жүйесіне уақтылы диагностика жүргізбегені белгілі болды. Қайрат Нұртаев «Нұрсая» ықшамауданының тұрғын үйлеріне жылу беру мәселесін шешу үшін жұмыс тобы құрылғанын атап өтті, оның құрамына мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері кіреді. Жұмыс тобы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылумен қамтамасыз етілуін қадағалаумен айналысады. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ақпараты бойынша, бүгінде Атырау жылу электр орталығынан (ЖЭО) қаланың барлық жылу бөлімшелеріне жылу беру нормативтік талаптарға сәйкес толық көлемде жүргізілуде.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх