На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атыраулық ұстаз халықаралық байқаудан жүлделі бірінші орынға ие болды

«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Есболат Бағдаров  математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі Байқауға қатысушылар практикалық және әдістемелік блокта бақ сынасқан.

Нақтырақ айтар болсақ, практикалық бөлімде олимпиадалық деңгейде ұсынылған есептерді шешіп, әдістемелік блокта есептердің «дайын шешімдеріндегі» қателерді тапқан.

Байқау шарттарынан мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанған Есболат Бағдаров Ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  түлегі. Ұстаздық еткен 6 жыл ішінде шәкірттері де, өзі де облыстық, республикалық білім додаларында жеңімпаз атанып үлгерген.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх