На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау-көрме өтті

Халықаралық мүгедектер күніне орай жоғары қажеттілікті қажет ететін балалар мен ересектер арасында «Ізгі ниетпен…» атты облыстық байқау-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ұйымдастырлған салтанатты іс-шараға жоғары қажеттілікті қажет ететін балалар мен ересектер, ата-аналар мен арнайы орталықтың тәрбиешілері қатысты.

Мәдени іс-шара барысында аталған музейдің басшысы Төлеген Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға жүлделерін табыстады.

-Құрметті ерекше талантты жандар, бүгін сіздердің өнерлеріңізге тәнтті болып тұрмын. Бірінен-бірі өтетін туындылар. Бірақ байқау болған соң, шын жүйріктерді анықтауға тура келді. Байқау мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін нығайту, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту. Сондай-ақ мүгедек жандарға өздері өмір сүріп жатқан қоғамның белгілі орны бар толыққанды мүшесі екенін сезінуге мүмкіндік жасау. Олардың арасынан белсенді адамдарды анықтап, өзгелерге үлгі ету, өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, әлеуметтік бейімдеу,- деді Т.Орынбасарұлы.

Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен оқушылардан 118, ересектерден 24, барлығы 212 жұмыс қабылданған. Нәтижесінде, ересектер арасында 1-орынды Гүлсім Темірғалиева, 2-орынды Бибігүл Қойшыбаева мен Анаргуль Шатенова, 3-орынды Анар Құлжанова, Амангелді Рашкалиева, Қайсар Ибатов иеленді. Ал балалар арасында 1-орынды Дильназ Нұржан, 2-орынды Еркебұлан Кенжеғалиев пен Гүлназ Еламан, 3-орынды Абдрахим Тулыбаев, Айгерім Асылбек, Біржан Өтеген иеленді.

 

Ссылка на первоисточник
наверх