На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Индербор кентінде 6 тұрғын үйдің қас беті жаңартылды

Индербор кентінде ескіріп, өңі кеткен көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылды, деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

- 2021 жылы Индербор кентіндегі он бір көп қабатты тұрғын үй толықтай күрделі жөндеуден өтсе, биыл Бейбарыс көшесінде орналасқан №1, 2, 3, 4, 6 және 7 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қасбеттері жаңартылып, шатырлары ауыстырылды. Өткен жылы қолға алынған бұл жұмыстардың басты  мақсаты – кенттің көркін келтіріп, жаңаша келбетін қалыптастыру,- деді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асхат Аймұратов. 

Айта кетейік, бүгінде аудан орталығы Индербор кентінде жалпы 65 көп қабатты тұрғын үй бар.

 

Ссылка на первоисточник
наверх