Бұл туралы Атырау облысының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бүгінде облыста жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде. Өңірде 70% орталықтандырылған жылумен қамтылса, 30% автономдық және пәтерішілік орнатылған жылу қазандықтарымен берілуде.
Аймақта 412 білім беру, 140 денсаулық сақтау нысандарына және 1786 көпқабатты тұрғын үйлерге толықтай жылу беріліп отыр.-Өңірде барлық нысандар тұрақты ауыз сумен, электрмен және табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Облыс бойынша апаттық жағдайларды алдын-алу үшін қала және аудандар әкімдерінің және мекемелердің жауапты техникалық қызметкерлерімен апаттық бригадалар бекітілді. Жылу беру маусымында орын алған апаттық жағдайлар бригадалардың шұғыл жұмылдыруымен қалыпқа келтірілуде. Жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 13,2 шақырым жылу желілеріне, 0,8 шақырым су және су бұру желілеріне және 674,9 шақырым электр желілеріне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» АҚ тарапынан №2, №9, №11 жылу агрегаттарына және №5, №9 турбоагрегаттарына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі таңда №2, №11, №9 жылу агрегаттарына және №9 турбоагрегатына жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. №5 турбоагрегатының жөндеу жұмыстары жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл жұмыс жылыту маусымының өтуіне еш кедергісін тигізбейді, - деді Қ.Нұртаев.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары жылу беру маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік сала нысандарына 32 тонна көмір және 78 тонна сұйық отыны тасымалданғанын және жылу беру маусымының өту барысы ведомоствоаралық комиссияның үнемі бақылауында тұрғанын жеткізді. Айта кетейік, биыл жылу беру маусымының дайындығына 3,2 млрд теңге қаражат бөлінді.
Свежие комментарии