На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Қызылқоға ауданының кейбір елді мекендеріне ауылішілік су құбыры жүргізіледі

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудандағы су жүйесі тартылмаған 9 елді мекенді сумен жабдықтау үшін биыл жоба дайындалып, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

-Аталған жобаларды 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда.

Жұмыстар атқарылғаннан кейін аудан халқы 100% ауыз сумен қамтылатын болады. Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейін магистралды су құбырының құрылысына жоба дайындалып, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады,- деді Қ.Әзмұханов. 

Аудан әкімінің айтуынша, аталған жоба Миялы, Жангелдин, Жасқайрат ауылдарын үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Оған қоса Сағыз, Жамасор ауылдарының халқына ауыз су жеткізу сапасын жақсарту мақсатында «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырына қайта жаңғырту» жобасы дайындалған. Жобаның құны 956 млн 500 мың теңге. Айта кетейік, аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 17-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, бұл тұрғындардың 97,3 пайызын құрап отыр.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх