Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудандағы су жүйесі тартылмаған 9 елді мекенді сумен жабдықтау үшін биыл жоба дайындалып, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-Аталған жобаларды 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда.
Жұмыстар атқарылғаннан кейін аудан халқы 100% ауыз сумен қамтылатын болады. Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейін магистралды су құбырының құрылысына жоба дайындалып, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады,- деді Қ.Әзмұханов.Аудан әкімінің айтуынша, аталған жоба Миялы, Жангелдин, Жасқайрат ауылдарын үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Оған қоса Сағыз, Жамасор ауылдарының халқына ауыз су жеткізу сапасын жақсарту мақсатында «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырына қайта жаңғырту» жобасы дайындалған. Жобаның құны 956 млн 500 мың теңге. Айта кетейік, аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 17-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, бұл тұрғындардың 97,3 пайызын құрап отыр.
Свежие комментарии