Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау қаласындағы тозығы жеткен, ескі тұрғын үй қоры реновацияға жататын күрделі әлеуметтік мәселе болып табылады. Қалада реновацияға жататын барлығы 237 ескі үй, 3674 пәтер бар. Ескі үйлердің орналасқан жері М.
Баймұханов, М.Әуезов, С.Датов көшелері мен Азаттық даңғылы. Тізімде көзделген тұрғын үйлердің 70% - дан астамы еліміздің құрылыс нормалары және ережелеріне, сонымен қатар санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.-Соңғы он жыл ішінде «2011-2020 жылдарға арналған Атырау қаласындағы жаңғырту бағдарламасы» аясында жалпы ауданы 610 787,3 шаршы метрді құрайтын 149 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. «2012-2021 жылдары Атырау қаласының аумағындағы ескі үйлерді бұзу Бағдарламасы» аясында жалпы ауданы 34 069 шаршы метрді құрайтын 37 үй бұзылды. Оның ішінде 1356 отбасы жалпы ауданы 39 700 шаршы метр болатын жаңа пәтерлерге көшірілді. Бұл ақпараттан өздеріңізге мәлім болғандай аталған бағдарламалардан ауқымды нәтиже болмауына байланысты реновация бағдарламасын қолға алу тиісті нәтижелер әкелетіні анық. Тұрғын үйді реновациялау – бұл қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, өз мерзіміне қызмет еткен ғимараттарды жаңаларына ауыстыру процесі болып табылады,- деді М.Қалауи.
Сондай-ақ қала әкімінің айтуынша, «Терможаңғырту» бойынша республикалық бюджет есебінен биыл 27 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Бүгінде 27 көп қабатты тұрғын үйден 15 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, қалғаны 25 желтоқсанға дейін аяқталады деп күтілуде
Свежие комментарии