На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атырау облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары тексерілуде

Әлеуметтік саладағы заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мониторингтік топ құрылды деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен және еліміздің Бас Прокуротурасымен бекітілген Жол картасының 2.3 тармағына сәйкес, орталықтарды аралау басталды, деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева.

 

Арнайы топ құрамында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы, «АМАNAT» партиясының облыстық филиалы, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті және облыстық Білім саласын бақылау департаментінің өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары және дәрігер, деффектолог мамандар бар. Олар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының мүгедектерге қолайлылығын және қызмет көрсету сапасы мен қызмет алушылардың құқықтық қорғалуы бойынша мониторинг жүргізеді. Осы мақсатта құрылған арнайы топ алдымен 3-ші және 4-ші орталықтарға барды. 

-Аралау барысында қаладағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бардық. Мұнда психоневрологиялық ауытқуы бар 3-18 жас аралығындағы балаларға қызмет көрсетіледі. Мүгедек балаларға қызмет көрсету сапасы өте жоғары екені байқалды. Балалармен жұмысты деффектолог және дәрігерлер тексеріп, оң баға берді. Сондай-ақ орталық ішінде балаларды дамытуға арналған жаңа кабинеттер мен бөлім ашылған. Балалар үшін қолайлы, олар өздерін еркін сезінеді екен. Өзімнің қызметім бойынша ғимараттың мүгедектерге бейімділігін тексердім. Өкінішке орай ішкі есіктер стандартқа сай емес. Ал өткен жылы тексеріс кезінде іштегі пандустардың қолайсыз, өте жоғары екенін айтып, ескерту жасағанбыз. Биыл ескерту ескеріліп, жаңа пандустар салынып жатқанын көрдік. Ал №4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы қарттар мен мүгедектерге арналған. Орталықтың іші олар үшін қолайлы. Жежел саты жұмыс жасап тұр. Қызмет көрсету сапасы өте жақсы. Мониторинг құрамындағы дәрігерлер қарттардың денсаулығын тексерді. Екі орталықтың да мүмкіндігі шектеулілерге беретін дәрі-дәрмектері тексерілді, деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Таңшолпан Тілепиева. 

Енді арнайы топ Махамбет ауданындағы №1-ші орталық пен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығына барады. Кемшіліктер анықталған жағдайда мониторингтік топ тарапынан ескерту беріліп, анықтама толтырылады. Кейін сол анықтама бойынша орталық қызметі қайта қаралады.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх