На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

«Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда

27 қараша күні «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Атырау облысы ПД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мағұлматтар беріліп, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу, жолын кесу және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

- Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар болғандықтан, негізгі мақсат әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала мен ананы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлінің нығаюы үшін қолданылатын шаралармен тұрғындарды таныстыру,-деді Атырау облысы ПД ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Раиса Зинелғабиденқызы Айтжанова.

Кездесу соңында студенттер тарапынан өздерін толғандырған сұрақтар қойылып, арнайы дайындалған жадынама-бетшелер таратылды.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх