На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Әлеуметтік топтама енді ақшалай беріледі

Биылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Мұндай көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға беріледі.

2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әрбір мүшесіне, яғни әр балаға атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 6650 теңгені құрады. Табысы аз отбасылардың балаларына 5174 теңге деңгейінде азық-түлік пен тұрмыстық қажетті заттар жиынтығы беріліп келді. Дегенмен, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар көп түскен. 

-Ұсыныстар ескеріліп, осы жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды. Монетизация атаулы әлеуметтік көмек алатын әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылды. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты керек тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді,- деді А.Мәмбетов. 

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 2 мыңдай бала әлеуметтік топтамамен қамтылады деп жоспарланып отыр.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх