На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Ер адам Жайық өзенінде серуендеу кезінде мұз ойылып, суға батып кетті

2022 жылғы 4 желтоқсанда сағат 20:49-да Атырау қаласының Жұмыскер ауылы тұсында Жайық өзенінде ер адамның мұз ойылып, суға батып кеткені жөнінде шақырту түсті, Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлайды.

Сағат 21: 10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерінің күшімен мұз үстімен серуендеп жүрген кезінде, мұз ойылып суға батып кеткен 1950 ж.

т азамат К-ның денесі судан шығарылды.

Сонымен қатар, куәгерлердің күшімен оның 2012 ж.т. немересі азамат Д. құтқарылып, балалар облыстық ауруханасына жеткізілді.  Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне  жіберілді.

Су асты іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 3 сүңгуірі мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Құрметті тұрғындар! Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерді сақ болуға және  жұқа мұз үстіне шықпауға шақырады!

Жайық өзенінің жағасындағы мұздың қалыңдығы небәрі 3-4 см құрайды, ортасында мұз әлі қатып үлгерген жоқ. Сақ болыңыздар! Өз өмірлеріңізді қауіп төндірмеңіздер!

 

Ссылка на первоисточник
наверх