На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Серік Шәпкенов: Басты мақсатымыз - әділдік принципін орнатып, дұрыс құқықтық кеңістікте жүру

Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Атырау облысында пилоттық режимде бастау алған республикалық «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Құқықтық көмек»  партиялық жобасының қорытындысы туралы жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.  Жиынға басқарма басшылары, күш құрылымдарының бірінші басшылары, қала, аудан әкімдері және «Құқықтық көмек» партиялық жобасының Атырау облыстық филиалының мобильді топ мүшесі, заңгер Абзал Құспан қатысты.

Алдымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасының облыста іске асырылуы туралы мобильді топ мүшесі Абзал Құспан баяндама жасады. Ол өз сөзінде Атырау қаласының, облыстағы төрт аудан тұрғындарына құқықтық кеңес бергенін айтты.

- Мен қарапайым азаматтармен, жалғызбасты аналармен, кәсіпкерлермен, мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесіп, мәселесіне талдау жасадым. Оның бәрі де жеке сот орындаушыларының тарапынан дұрыс қызмет көрсетілмеуінен орын алған.  Сондай-ақ барлық ауданға ортақ екі мәселе бар. Ол - жекешелендіру мен үй алу мәселесі. Өйткені жергілікті деңгейде жұмыс істейтін комиссияның тек кезекте тұрғандардың тізімін жасаумен-ақ өкілеттілігі тоқталады. Осыған орай біз заңды қайта қарау үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановқа ұсыныс береміз,-деді А.Құспан.

Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов жалдамалы пәтерлерді жекешелендіру және тұрғын үйді сатып алу мәселелерін оңтайландыру және қолданыстағы заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныс дайындау мақсатында құзырлы орган өкілдеріне арнайы комиссия құру туралы тапсырма берді.

- Тұрғындармен ашық кездесіп, олардың мәселесін саралап, ортаға салып, ашық талқылағаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің басты мақсатымыз - әділдік принципін орнатып, дұрыс құқықтық кеңістікте жүру. Әділдік орнаған жерде бәрі де дұрыс болады. «Құқықтық көмек» партиялық жобасы - осы уақытқа дейін облыста жұмыс істеген барлық құқықтық қызмет көрсетуші мекемелердің дұрыс тұсы тоғысқан өміршең жоба болуы тиіс. Жоба осымен тоқтап қалмай, жалғасын табуы керек. Тұрғындардың қандай да бір құқықтық қызмет алуына көмек керек болса, біз барлық жағдайды жасаймыз,-деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында облыс әкімі Серік Шәпкенов «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында жұмыс істеп жүрген заңгерлерге алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх