Ол үшін азаматтар СМС-хабарламаға «иә» деп жауап жазса жеткілікті. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Проактивті форматта азаматтар мемлекеттік қолдауларды уақытылы алу үшін ұялы телефон нөмірлері өз аттарына рәсімделуі қажет.
Сонымен қатар, мамандар СМС-хабарламалар келген жағдайда 3 күнтізбелік күннің ішінде уақытылы жауап беру қажеттігін ескертеді.-Өткен жылдың қыркүйегінде іске қосылған «Отбасының Цифрлық картасы» пилоттық жобасының тиімділігі осы. Мысалы, бала туған кезде ата-анаға бала тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі. СМС-ті алған азамат келісіммен «иә» деп жауап жазған соң, жүйеде ақпарат толық тексеріліп, оған жәрдемақы тағайындалады. Яғни, ешкім құжат тапсырып жүрмейді. Сол сияқты өзге де әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы азаматтарға да осылай СМС жіберіледі. Тіпті «Отбасы цифрлық картасы атаулы әлеуметтік көмекті алуды да өздері ұсынатын болады,- деді А.Мәмбетов.
Ал келген СМС-хабарламаларға түсінбеген немесе күмәнданған жағдайларда, жергілікті жерлердегі қалалық, аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне хабарласып, кеңес алуға болады. Айта кетейік, биыл атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы мүмкін 251 азаматқа СМС-хабарлама жолданған. Оның ішінде 181 азаматтан СМС-хабарламаға жауап күтілуде, 32 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Свежие комментарии