На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

Атыраулық оқушылар жылжымалы көрмеден ежелгі жәдігерлерді тамашалады

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты палеонтология бөлімшесі Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің оқушыларына «Ежелгі жәдігерлер сыр шертеді» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды, деп хабарлацды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көшпелі көрме барысында оқушыларға палеонтология ғылымының дамуы, жердің даму тарихы, жер бетінде алғаш тіршіліктің пайда болу кезеңдері, жер ғаламшарының даму кезеңіндегі алғашқы фауна мен флораның қалыптасуы жөнінде кеңірек мағлұматтар берілді.

Сондай-ақ оқушылар Ақтолағай, Ақкерегешың бор тауларынан  табылған ежелгі теңіз жануарларының тасқа айналған қазба қалдықтарын көріп тамашалады.  

-Біздің мақсат – оқушыларға мезозой эрасында тіршілік еткен жануарлар әлеміне саяхат жасау, олардың тіршілік ету ерекшеліктері жөнінде мағлұматтар беру, теңізде тіршілік еткен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. Жылжымалы көрме жылына екі рет ұйымдастырылып, жоспар бойынша мектептерге барамыз. Бүгін Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектептегі апталыққа орай келіп отырмыз. Қазір көрмені тамашалауға 100 оқушы келді, бұл балалардың ежелгі тарихқа деген қызығушылығы бар екенін білдіреді,- деді тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Эльмира Мұхамбетқалиева. 

Сонымен қатар оқушыларға өлкеміздің қайталанбас табиғи ландшафтары, аппақ таулы бор қыраттары табиғаттың керемет туындысы жөнінде қызықты мәліметтер айтылып, түрлі-түсті фотосуреттері көрсетілді. Көрмеге сегіз сәулелі маржандар, басаяқты ұлулар, аммониттер, сондай-ақ теңіз кірпілері, плезиозаврдың омыртқалары мен сүйектері, ежелгі акуланың, скаттардың тістері, тағы басқа 80-нен астам жәдігер қойылды.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх