Бұл туралы аудан әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қызылқоға ауданының бірнеше ауылдарында тозығы жеткен электр желілерін жаңғырту және көше жарықтарын орнату сияқты бірқатар жұмыстар белсенді жүзеге асуда.
- Ауданда тозығы жеткен электр желілері мен көше жарықтарын жаңғырту және орнату жұмыстары белсенді түрде жүзеге асып жатыр.
Бүгінде Сағыз ауылында көше жарық шамдарын орнату және жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс келер жылы аяқталады. Биыл Сағыз ауылының 3-ші ауылындағы электр жүйелерінің құрылысы аяқталып, 1-ші және 2-ші ауылдарының электр желілерін жаңғырту үшін жоба жасақталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады. Тасшағыл ауылының 800 метр кірме жолы жарықтандырылса, қалған 2,6 шақырым кірме жолын жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Тасқұдық елді мекеніндегі электр желісі жаңғыртылды,- деді Қ.Әзмұханов.Сонымен қатар аудан әкімі аудандағы Мұқыр ауылы мен Кенбай, Жантерек елді мекендерінде тозығы жеткен электр желілеріне құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Свежие комментарии