На информационном ресурсе применяются рекомендательные технологии (информационные технологии предоставления информации на основе сбора, систематизации и анализа сведений, относящихся к предпочтениям пользователей сети "Интернет", находящихся на территории Российской Федерации)

Cайт города Атырау

16 подписчиков

Свежие комментарии

«Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Атырау облысы аумағында ағымдағы жылдың  28-30  қараша аралығында  мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

-Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары және криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелесу жұмыстары сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында, қала аумағында ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстарын жүргізеді -деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған жол-патрульік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексерілуде.

 

Ссылка на первоисточник

Картина дня

наверх